Үздіктер анықталды
2019 жыл академия үшін қуанышпен аяқталды. 30 желтоқсан күні Шымкент қаласының әкімшілігі ғимаратында «Үздік жастар премиясы - 2019» байқауының марапаттау сәті өтті. Шымкент қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 126 жас қатысқан байқауда ОҚМА-ның Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Н.Ахметов «Үздік жастар комитеті» номинациясын жеңіп алды. Бұл жеңіс ұжымның жеңісі! Қала әкімі Е.Айтаханов жастарды жаңа жылдарымен және жетістіктерімен құттықтап, марапатты өз қолымен табыстады.
Сонымен қатар, аталған шарада Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы жастар үшін жасаған еңбегі бағаланған жастар жанашыры Е.Сәлім қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жеңісі құтты болсын!
