Үздік жастар премиясы

942 1

2017 жылдың 14 наурыз күні сағат 15.00-де жастар саясаты бөлімі мен cтуденттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен академияның үлкен мәжіліс залында «Үздік жастар» премиясы өткізілді. Шараны оқу-әдістемелік орталық бастығы Ибрагимова Айгүл Гаффарқызы ашып, декандар мен декан орынбасарлары әр бағыт бойынша номинанттарды жеке марапаттады. 34 студент академия өмірінде қосқан үлестері мен оқуда озат және белсенділік көрсеткендері үшін арнайы дипломмен, түрлі бағыттағы номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік спортшы», «Үздік ғалым», «Үздік магистрант», «Үздік көшбасшы», «Үздік топ басшы», «Үздік студент», «Үздік бітіруші», «Үздік ұйым басшысы» және «Үздік топ». Студенттік кәсіподақ ұйымы атынан «Үздік топ» номинациясын иеленген топтардың әрбір студентіне Ернар Айдардың концертінің билеті сыйға тартылды. 

942 2

942 2

942 2

942 2

942 2

17.03.2017, 06:43
413 қаралым