«Үздік оқытушы – 2020» байқауы
09.06.2020 жылы Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен оқытушылардың өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыру, инновациялық идеяларын қолдану, сандық технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату, оқытушы беделін көтеру мақсатында орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін оқытушылар арасында «Үздік оқытушы – 2020» байқауын өткізді.
Байқауға ОҚМА атынан қазақ тілі пәнінің оқытушысы Бегімбет Айнұр Серікқызы қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды: 1) Оқытушылар өздерінің электрондық портфолиоларын таныстыру; 2) Үздік сабақ үлгісін көрсету 3) Жағдаяттық сұрақтарға жауап беру.
Байқау қорытындысы бойынша ОҚМА намысын қорғаған Бегімбет Айнұр Серікқызы І орынды жеңіп, алып бағалы сыйлықпен марапатталды.
12.06.2020 жылы Қазақстан Шымкент телеарнасының «Таң нұры» бағдарламасында байқаудың ұйымдастырушысы, оқу-әдістемелік бөлім басшысы Гүлзина Қуанышбекқызы мен Айнұр Серікқызы байқау жайлы сұхбат берді. Үздік оқытушымызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз.
