«Үздік оқытушы – 2019» байқауы

2019 жылдың 23 мамыр күні Шымкент қалалық Тілдерді Оқыту-әдістемелік Орталығының ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы – 2019» байқауы өтті.

1404 1

Байқауға ОҚМА атынан қазақ тілі пәнінің аға оқытушылары Урзада Ахбанбетова мен Динара Кемелхан қатысты.

1404 2

Байқау үш кезеңнен тұрды: 1. Мұғалімдер өздерінің электрондық портфолиоларын ұсынып, сұрақтарға жауап берді. 2. Білім-біліктілігін, дағдыларын көрсетіп, оқытудың қыр-сырымен бөлісті. 3. Жағдаяттық сұрақтар сайысы болды.

1404 3

Байқау қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының намысын қорғаған қазақ тілі пәнінің аға оқытушысы Урзада Ахбанбетова "Шығармашыл ұстаз" номинациясын иеленсе, Динара Кемелхан жүлделі ІІІ-орынды жеңіп алып, дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

1404 4

Ұстаздарымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

31.05.2019, 03:01
259 қаралым