«Үздік фармацевт 2019» колледжаралық сайысы

2019 жылдың 6 наурызы күні Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ «Жоғары медицина колледжінің» ұйымдастыруымен МКК базасында «Фармация» мамандығы бойынша бітіруші түлектер арасында «Үздік фармацевт 2019» қалалық сайысы өтті.

1333 1

Сайысты «Жоғары медицина колледжінің» директорының орынбасары Сұлтанов М. Ә. ашып, сайыстың басталуымен құттықтау сөз сөйлеп, сайысқа қатысушы түлектерді және әділқазы алқаларын таныстырып өтті. Ол бұл сайыстың студенттердің білімін шыңдауда маңызды екендігін айтып, студенттерге сәттілік тіледі. 

Сайысқа Шымкент қаласының бірқатар медициналық колледж түлектері сынға түсті. Сайыскерлер арасында «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің «Фармация» мамандығының 3курс студенті Әсет Айя да қатысты. 

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінен Әсет Айяға фармакогнозия кафедрасының аға оқытушысы Қадишаева Жүзімкүл Ақбалақызы жетекшілік етті. 

1333 2

Сайысқа қатысушы түлектер Менеджмент және маркетинг негіздерімен фармацияның ұйымастырылуы және экономикасы, фармакогнозия, фармакология және дәрілер технологиясы пәндерінен сынға түсіп, өздерінің білімдерін көрсетті. Сайыс өте қызықты өтіп, жарысушылар өздерінің жақсы дайындықтарын көрсете білді. 

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің «Фармация» мамандығының 3-курс студенті Әсет Айя өзінің жоғары колледжге сай дайындығын көрсете білгені үшін қазылар алқасы Айяға «Үздік фармацевт 2019» екінші жүлделі орынды тағайындады және дипломмен марапаттады. 

16.03.2019, 04:51
224 қаралым