Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы

584 2 2

«Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ОҚО филиалы  Қазақстан кәсіподақтарының 110-жылдығына орай «Кәсіподақ-қорғаным» атты мақалалар байқауын және «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» облыстық байқауын өткізді. Байқауда кәсіподақ мүшелерінің қатысуымен өткізілген іс-шаралар есебі, оның ішінде салтанатты жиындар, еңбек қауіпсіздігі, кәсіподақ мүшелерін марапаттау, спорттық іс-шаралар, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, жастармен жұмыс, емдеу-сауықтыру шаралары, қайырымдылық шаралары, қаржылық қызметтері қарастырылды. Осы байқаудың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының кәсіподақ ұйымы «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» І дәрежелі дипломмен марапатталды. 

584 1 1

«Кәсіподақ-қорғаным» атты облыстық мақалалар байқауы бойынша ОҚМФА кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Қ.Сәлімнің мақаласы ең үздік деп танылып сыйақымен марапатталды.

02.07.2015, 05:24
698 қаралым