Өзбекстан Республикасы Бұхара қаласына ғылыми сапар

Маусым айының 10 күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ә.Қабыл Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі Бұхара мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Бұхара тарихының мәселелері (көне заманнан бүгінге дейін)» атты көрнекті ғалым, т.ғ.д., профессор Сулаймон Иноятовтың 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып келді. Конференция барысында танымал тарихшы ғалымдармен кездесіп, келешекте ғылыми ынтымақтастық байланыстар жасау, тәжірибе алмасу т.б. іс-шараларды бірлесе атқару мәселелері жөнінде сұхбат құрды. Ұсынылған баяндамалық ғылыми мақалалар материалдар жинағы болып жарияланды.

26.06.2023, 11:49
423 қаралым