Жатақханадағы тексеріс
2024 жылдың 09 шілде күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Тау Нұргүл мен Құспеков Олжастың қатысуымен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының оқу корпустары мен жатақханаларындағы жағдаймен танысу жүргізілді. Алдымен 2 оқу ғимаратындағы стоматологиялық оқу мақсатындағы клиникамен, оқу-симуляциялық орталығымен, содан кейін бірінші ғимараттағы анатомия классы және муражай, компьютерлік тест орталығы мен заманауи кітапхана ғимаратын көріп шықты. Қонақтар өздерінің таңданыстарын жасырмады.
Бірінші және екеінші жатақхана ғимараттары және ондағы студенттерге жасалған жағдайлармен танысты. Екінші жатақхана бойынша халық қалаулылары тарапынан ешқандай сын айтылмады. Студенттерге жасалған жағдай толығыммен қанағаттандыратынын жеткізді. Бірінші жатақхана бойынша істеліп жатқан жөндеу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыру бойынша ұсыныс айтылды.