Жатақханадағы тексеріс
2023 жылдың 22 қараша күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері жатақханаға тексеріс өткізді. Жатақхана қысқы мерзімге дайын. Бөлмелер жылы. Тексеріс барысында анықталғаны жуынатын бөлмелер мен асханалар күрделі жөндеуден өтіп, соңғы үлгідегі жиһаздармен жабдықталып қолданысқа берілген. Тәртіптік режим жатақхана қызметкерлері тарапынан қатаң бақылауда. Қандайда бір қажеттілік немесе мәселе туындаған жағдайда академия қызметкерлеріне хабарласуына кеңес берді.
23.11.2023,
16:53
370 қаралым