ЖАТАҚХАНАДАҒЫ ТӘРТІП БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

2024 жылдың 1 қазан күні кешкі 19:30 да Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтырсынұлы мен Жастар саясаты бөлімінің меңгерушісі Тасжанов Берік Рахманәліұлы Жатақхана студенттерімен кездесуге барды. Проректор Сәлім Ербол Қалтырсынұлы студент жастарға бос уақытын тиімді пайдаланып,академиямыздағы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына қосылып, қоғамдық жұмыстармен айналысуды кеңес берді. Нашақорлыққа қарсы күрес жолдары, лудоманиядан аулақ болуды, харасментпен буллинг мәселелері төңірегінде кеңінен ақпарат берді.
Сөз соңында жастар саясаты бөлім меңгерушісі Б.Тасжанов студенттерге күш қолдану, ұрып-соғу, бопсалау, дене жарақаты бойынша қылмыстық іс қозғалатынын айтып өтіп, бір біріне бауырмашыл болуға, әр мүлікке ұқыпты, таза, жауапкершілікпен қарау керектігін айтып тәртіпті болуға шақырды.

02.10.2024, 14:28
237 қаралым