Жатақханадағы тәрбие сағаты

9 мамыр 2024 жылы ОҚМА №1 жатақханасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Ибраимова білім алушылармен «9-Мамыр – Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне байланысты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» деген қағиданы ұстана отырып, жас ұрпақты тарихымызды тереңнен тануға баулу.Білім алушыларға ҰОС-ғы қазақстандық батырлар мен ардагерлер, олардың ерліктері және марапаттары,соғыстан кейінгі қызметтері туралы мағлұматтармен пікір алмасты. Б.Момышұлы, Т.Бигелдинов, Қ.Қайсенов,С.Рахимов, Р.Қошқарбаев, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова, Х.Доспанова және т.б. көрсеткен қаһармандық ерліктері мен даңқты өмір жолдары туралы толыққанды мәліметтер айтылды.

13.05.2024, 18:29
193 қаралым