Жатақхана студенттерімен кездесу
2024 жылдың 21 ақпан күні кешкі сағат 20:00-де Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қызметкерлері Жатақхана студенттерімен кездесуге барды. Басқарма басшысы Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы студент жастарға бос уақытын тиімді пайдаланып, академиямыздағы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарына қосылып, қоғамдық жұмыстармен айналысуды кеңес берді. Нашақорлыққа қарсы күрес жолдары, лудоманиядан аулақ болуды, харасментпен буллинг мәселелері төңірегінде кеңінен ақпарат берді. Жиын барысында студенттер қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ұсыныстарын да айтты. Сөз соңында студенттер тарапынан ішкі тәртіп ереженің қатал сақталуы керек екені ескертілді.
22.02.2024,
16:53
301 қаралым