«Жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу міндеті» тақырыбында бітіруші түлектермен түсіндірме жұмыстары

13 ақпан 2024ж. Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының ұйымдастыруымен Академиямыздың 2024 жылғы барлық деңгейлер бойынша бітіруші түлектермен «Жас мамандар мен философия докторларының (PhD) жұмысты өтеу міндеті» тақырыбында бітіруші түлектермен түсіндірме жұмыстары өткізілді. Ұйымдастырылған іс-шараның алғы сөзі «ОҚМА» АҚ-ның оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары бойынша проректор м.ғ.д, профессор М.У.Анартаеваға берілді. Алғы сөз барысында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру өзекті маңызды мәселе ретінде назар аудартты. Жиналыс барысында «Қаржы орталығы» АҚ-ның аға маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызы «Мемлекеттік білім тапсырысы мен ауыл квотасы негізінде» білім алған бітіруші түлектерге міндеттелген жұмыспен өтеу ережелерімен мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндама жасады. Сонымен қатар, нормативтік құжаттармен таныстырып, жаңа өзгертулер мен толықтырулар бойынша қосымша ақпараттар берілді. Сонымен қатар, Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы, PhD Қ.С.Кемельбеков бітіруші түлектермен түсіндірме жұмыстары бойынша қосымша ақпараттарды баяндады. Бітіруші түлектер барлық деңгейлер бойынша сұрақтарын қойып жауаптар алынды. Сұрақ жауаптар толық талқыланды.

14.02.2024, 17:32
336 қаралым