ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП, ЕЛІМІЗДІҢ ҚОҒАМ ӨМІРІНЕ ҚАТЫСАЙЫҚ
ала тазалығы баршамызға ортақ. Қыстың ызғарлы суық күнінде коммуналдық қызметкерлер қарды күреп, адамдардың мұзға құлап қалмауына септігін тигізіп, қаламыздың тазалығын және көркін сақтап келеді. Оларға суық ауа райында жылу сыйлау мақсатында «ЖТД-2» кафедрасының ІЖТДҚ 13-23 топ интерндері ыстық шай мен тәтті самса, бәліш ұсынып, көңіл-күйлерін көтеруге ат салысты.
Бұл кішкентай ғана іс – үлкен ризашылықтың белгісі. Бізге күн сайын жайлы орта сыйлайтын жандарды құрметтей білейік. Алғыс айту ешқашан кеш емес.
ІЖТДҚ 13-23 топ интерн-дәрігерлері, куратор Отумбаева Е.Т.
27.12.2024,
10:29
320 қаралым