ЖАҢА ӨМІРДІҢ БАСТАУЫ

20 желтоқсан күні «Экомед» адам ұрпағын өрбіту орталығының ғылыми директоры, Қазақстандағы ЭКҰ негізін қалаушы Байқошқарова Салтанат Берденқызы Оңтүстік Қазақстан медицина Академиясында «Экомед» орталығының арнайы аудиториясын салтанатты түрде ашуға келді. Кездесу барысында мекемелер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Профессор Байқошқарова Салтанат Берденқызы атынан «Жалпы медицина» мамандығының 4 курс студенттері Әскербек Аружан Бахтиярқызы және Әбутәліп Арай Әбдіғалиқызына 2023-2024 оқу жылына шәкіртақы тағайындалды.

21.12.2023, 17:15
394 қаралым