«Заң және қоғам» тақырыбында тәлімгерлік

«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының тәлімгерлері:
Ертаев М.А. В-ФӨТҚАБ -01-23,
Бұрхан Е.Ж. В-ФӨТҚАБ-02-23,
Абдрасилова С.Т В-ФӨТҚАБ-03-23,
Жанысбеков М.А. В-ФӨТҚАБ-04-23,
Сабитов Т.Ж. В-ФӨТҚАБ-05-23,
Қаратаева Ф.М. В-ФӨТО-06-23
Тәлімгерлер өз топтарында «Заң және қоғам» тақырыбында тәлімгерлік сағытын ұйымдастырып, білім алушыларға қоғамдық ортада өз құқықтарын білуге және қорғай алуға үйрету мақсатында өткізілді. Сонымен қатар, білім алушыларға адалдық және парасаттылық сияқты рухани құндылықтардың рөлі мен маңызын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, айқын азаматтық ұстанымды қалыптастыру, мемлекет алдында жауапкершілік сезімін сезіну қажеттігі туралы айтты.
Тәлімгерлік сағаттың қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Академиялық адалдық ережесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты талаптарын, әдеп ережелерін сақтау керектігі айтылды. Еліміздің әрбір азаматы «Парасаттылық – ұлттың рухани өзегі, қоғам өмірінің нормасы» формуласының маңыздылығын терең ұғынуы тиіс деген қорытынды жасады. Парасаттылық-әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Іс-шара жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік және рухани мәнге ие болды.
Тәлімгерлік сағат қыркүйек айының алғашқы аптасында өткізілді.

10.10.2024, 15:07
176 қаралым