«Жалпы тәжірибелік дәрігер 2" кафедрасында, 05-23 тобының интерн дәрігерлері , «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне»арналған «Тәуелсіздік -Тәңірдің ұлы сыйы » атты іс шара өткізілді.
«Жалпы тәжірибелік дәрігер 2» кафедрасында, 05-23 тобының интерн дәрігерлері , «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне»арналған «Тәуелсіздік -Тәңірдің ұлы сыйы » атты іс шара өткізілді. Аталмыш іс-шарада мұғалім Тасқынова Мая Адилбекқызы Тәуелсіздікке қатысты тың деректер беріп, іс-шараны ашып берді. Аталмыш іс-шарада дәрігер-интерн Әбілхайыр Асқан Тәуелсіздігімізге арнап өз өлең жолдарын шығарды!
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 33 жыл толды.Тұңғыш рет қолымызға тиген тәуелсіздіктің асыл құсын ұшырып алмай берік ұстау бүгінгі ұрпақтың қолында. Сондықтан, егеменді еліміздің қазіргі өскелең ұрпақтарына тәуелсіздіктің тарихын тереңірек түсіндіру, қастерлете білу баршамыздың міндетіміз !