Қыстық жарақаттың алдын алу

«ОҚМФА» АҚ-ның  ОҚО СӨСҚО (салауатты өмір салтын қалыптастырушы орталығы) мен ОҚМФА Жастар  Денсаулық орталығының бекіткен жоспарына сәйкес 2018 жылдың 26 қаңтарында «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакотерапия» кафедрасы  «Қыстық жарақаттың алдын алу» тақырыбында пікірталас кешін өткізді.

1820

 

       «Қыстық жарақаттың алдын алу» тақырыбындағы  пікірталасқа ОҚМФА-ның «Фармакология, фармакотерапия және клиникалық фармакотерапия» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, «Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология» орталығының маманы, ОҚО салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы Жарылқасын Назерке Нұрланқызы және фармацевтикалық факультетінің 5- курс білім алушылары  қатысты.

 1821

     Кафедра  меңгерушісі    м.ғ.д., профессор З.А.Керимбаева қыстық жарақаттың алдын алудың өзектілігін, оның тұрғындар денсаулығын сақтаудағы орнын және дер кезінде көрсетілген көмектің маңыздылығын атап өтті.  «Амбулаторлық хирургия, травматология және гинекология» орталығының  №2  жарақат бөлімінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, травматолог-ортопед Даутов Усен Айбазович  жарақаттың түрлерін, ашық және жабық жарақат айырмашылықтарын, жарақат кезінде қан кетудің түрлерін, алғашқы көмек көрсету ережелерін презентация күйінде білім алушыларға мәселенің жағдайын жеткізді. Әрі алғашқы көмек көрсету барысында қолданылатын іс-шараларды жүргізу техникасы бойынша инструменттермен таныстырды. Сонымен қатар, қыстық жарақатты болдырмау үшін қандай сақтық шараларын орындау керектігін түсіндірді.

1822

Білім алушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, кең ауқымды мәлімет берді. Өткізілген пікірталас нәтижесінде білім алушылар қыстық жарақат туралы және  жарақаттанушыға дер кезінде көмек көрсету дағдылары бойынша  білімдерін арттырды.

1823

 

30.01.2018, 04:28
617 қаралым