Ынтымақтастықты кеңейтуге ұмтылыс
2019 жылдың 3 мамыр күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына Қазақстандағы ірі жекеменшік медициналық компаниялардың бірі - «Mediker» компаниясының өкілдері келді.
Қонақтар академияның материалдық-техникалық базасымен танысып, тәжірибелік дағдылар орталығына, студенттерге қызмет көрсету орталығына барып, интерндер мен резиденттермен кездесті.
Сапар барысында «Mediker» компаниясы атынан басқарма төрағасының орынбасары А.К.Қаптағаева мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры М.М.Рысбеков ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
03.05.2019,
22:57
372 қаралым