«Құқығым бар» интеллектуалды ойыны
2021 жылдың 15 наурыз күні «ОҚМА студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Құқығым бар» атты интеллектуалды ойыны өткізілді. Іс-шараның мақсаты - студенттерге өз құқықтарын түсіндіру. Ойын 3 кезеңнен тұрды: миға шабуыл, студенттер сөйлейді, жағдаят.
Ойын өте қызықты, әрі тартысты өтті. Медицина факультеті (жалпы медицина) - бас жүлде, медицина факультеті (стоматология) – 1 орын, фармация факультеті - 2 орын, медицина колледжінің студенттері - 3 орын иеленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Студенттер өте белсенді ат салысты.
17.03.2021,
06:27
