Волейболдан жолдастық кездесу

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының спорт залында Дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен волейбол секциясына қатысатын студенттеріміз бен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті командасымен жолдастық кездесу ойыны өтті.
Жолдастық кездесудің мақсаты – білім алушылар арасында волейбол арқылы достық қарым-қатынасты нығайту, бос уақытта спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын ұстану.
Кездесуге 6 команда қатысты, яғни 56 білім алушы ойын көрсетті. Аталған екі жоғары оқу орыннан 4 оқытушы төрелік жасады.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды академияның алыс шетел білім алушылар командасы, екінші орынды академияның құрама командасы, үшінші орынды ОҚУ құрама командасы жеңіп алды.
Жолдастық кездесуге қатысушылар көптеген жағымды эмоцияларға ие болды.

15.04.2025, 16:35
45 қаралым