«Вакцинации: За?!» тақырыбы бойынша пікірталас
Жалпы тәжірибелік дәрігер-2 кафедрасында, Халықаралық ғылым күніне және жалпы тәжірибелік дәрігер-2 кафедрасының құрылғанына 6 жыл толуына орай «Вакцинация ЗА?!» тақырыбында пікірталас өткізілді.
Пікірталас (дебат) 2024 жылдың 11 сәуірінде №2 Қалалық аурухананың клиникалық базасында өтті.
Ұйымдастырушылар:
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жалпы тәжірибелік дәрігер-2 кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы. , профессор Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы
Қатысушылар: 10-23, 11-23, 18-23, 27-23 топтарының дәрігер интерндері.
Қонақтар: №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы; деканның орынбасары Сабуров Алишер Раджапбаевич; №2 МСАК Директоры Досанбаев Нышанбай Карибайұлы;
Талқылау барысында екпеге қатысты ең негізгі мәселелер және одан бас тарту себептері көтерілді.
№2 аурухананың бас дәрігері Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы көтерілген тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын, интерндердің алған білімдерін болашақ кәсіби қызметінде пайдасы мол екенін атап өтті.
Одан әрі деканның орынбасары Әлішер Ражапбайұлы Сабуров студенттерді осындай іс шараларға белсенді қатысып, дүниетанымдарын кеңейтуге шақырды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жалпы тәжірибелік дәрігер-2 кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Досыбаева Гүлжан Нұрбекқызы интерндерді мәселенің статистикалық жағымен таныстырып, интерндерге өздерін және практикалық дағдыларын көрсетуге мүмкіндік берді.
Интерндердің көрсеткен пікірталасының аяғында, №2 МСАК Директоры Досанбаев Нышанбай Карибайұлы «Вакцинация – ЗА?!» тақырыбындағы нәтижелі пікірталас жұмысы үшін интерн-дәрігерлерге жәнеЖалпы тәжірибелік дәрігер -2 кафедрасына өз алғысын білдірді.