Үздік жастар премиясы 2024

2024 жылдың 2 Мамыр күні, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен АҚ ОҚМА үлкен мәжіліс залында «Үздік жастар премиясы 2024» байқауы өтті. Байқауға 13 түрлі номинация бойынша үміткерлер қатысты, ОҚМА АҚ ректорының бұйрығымен құрылған комиссия мүшелері жеңімпаздарды анықтады. Үздіктерді анықтаудың негізгі талаптары: үлгерімі, тәртібі, республикалық, облыстық, жергілікті жетістіктері, академия имиджіне қосқан үлестері басты назарға алынды.
Премияны марапаттауға Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы: Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы
Фармация факультетінің деканы: Умурзахова Ғалия Жаңбырбаевна
Медицина факультетінің деканы: Сейдахметова Айзат Ашимхановна
Интернатура және бітірушілер түлектерді жұмысқа орналыстыру деканы: Кемелбеков Қанатжан Сауқанбекович
Ғылыми-клиникалық жұмыстар, докторантура және магистратура басқарма басшының міндеттін атқарушы: Сейіл Біржан Сейітұлы қатысты.
Жеңімпаздар арнайы дипломмен және мүсінмен марапатталды. Комиссия мүшелері жеңімпаздарды құттықтап, оқу мен қоғамдық өмірде сәттілік тіледі.

04.05.2024, 16:29
168 қаралым