«Үздік ұстаз» номинациясы

27 қыркүйек 2023ж күні Шымкент қаласында жастар арасында еңбекке баулу, еңбекті насихаттау, азаматтық ұстанымды қалыптастыру, қоғамдық өмірге бағытталған «Өз саласының үздігі» атты байқауы өтті. Байқауға қаладағы әр түрлі сала мамандары қатысты. 2023 жылдың «Үздік ұстаз» номинациясын ОҚМА АҚ-ның Дене шынықтыру кафедрасының «Дене тәрбиесі» орталығының аға жаттықтырушы оқытушысы Жумабекова Азиза Эмзебековна жеңіп алды. Жеңімпаздарды Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Асылов Қ. смарт ТВ және «Алғыс хат», гүл шоқтарымен марапаттады.

29.09.2023, 16:02
341 қаралым