«Үздік оқытушы-2022» байқауы
2022 жылдың 22 сәуір күні Шымкент қалалық Тілдерді оқыту -әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Орыс тілді аудиторияларда қазақ тілінен сабақ беретін мамандар арасында өтетін "Үздік оқытушы-2022" байқауы өтті. Байқауға «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің атынан қазақ тілі пәнінің оқытушысы Исабекова Асия Амангелдіқызы қатысты.
Байқау үш кезеңінен тұрды:
Бірінші кезеңі – оқытушылар өздерінің электрондық партфолиосымен таныстырды.
Екінші кезеңі - тілді оқытуда озық тәжірибелерді тиімді пайдалану негізінде сабақ үлгісін, білім - біліктілігін, дағдыларын көрсетіп, оқытудың қыр -сырымен бөлісті.
Үшінші кезеңі – педагогикалық- психологиялық жағдаяттарға арналған тапсырмалар сайысы болды.
Байқау қорытындысы бойынша «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің намысын қорғаған қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.А.Исабекова "Жаңашыл ұстаз"номиназиясын иеленіп, диплом мен бағалы сыйлықпен марапатталды.
