Университет клиникасы
Шымкентте 1000 орынға арналған үлкен клиника және 700 адамға арналған консультативті-диагностикалық орталық салынатын болады.
Бүгінгі күні мегаполис әкімшілігі 150 гектар жер телімін бөлді, жобалық-сметалық құжаттамалар бекітілді, ал тамыз айында құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланып отыр.
Бүгін қала әкімі Г.Әбдірахымов жоғарыда аталған ауқымды жобаның инвесторларымен кездесті. Кездесу барысында әкім бұл Үкіметтің деңгейінде бекітілген жобалардың бірі екендігін және Әкімшілік оны іске асыруға толық қолдау көрсететінін атап өтті.
Жобаның жалпы құны 180 миллион АҚШ долларын құрайды. Клиниканың құрылысын Академияның жалғыз акционері және инвесторлар қаржыландырады.
Жоба бойынша клиникада 6 ғимарат болады, оларда хирургиялық және терапиялық бөлімдер, ана мен бала орталығы, паталогоанатомиялық бюро, сот-медициналық сараптама бюросы және жедел медициналық және санитарлық-авиациялық көмек орталығы орналасады, бұл халыққа жоғары деңгейлі медициналық қызмет көрсетеді.