Үндістандық білім алушылар арасында крикет ойыны ұйымдастырылды

Халықаралық факультеттің ұйымдастыруымен 1–5 курс аралығындағы Үндістаннан келген білім алушылар арасында крикет ойыны өткізілді. Бұл — Үндістан халқына кеңінен танымал және ерекше сүйіспеншілікке ие ұлттық спорт түрі.
Іс-шараның негізгі мақсаты — студенттер арасындағы достық пен өзара ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға үндеу. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің академия өміріне белсенді бейімделуі мен қоғамдық-мәдени іс-шараларға тартылуы да көзделді.
Ойын барысында қатысушылар жоғары белсенділік пен спорттық шеберліктерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты жарыс атмосферасын қалыптастырды. Жеңімпаздарды ынталандыру мақсатында академия ректорының атынан келесі жүлделер тағайындалды:
🔹 І орын — 100 000 теңге
🔹 ІІ орын — 50 000 теңге
Аталған іс-шара халықаралық студенттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, олардың академияның мәдени және спорттық өміріне белсене араласуына ықпал етті.

28.04.2025, 10:03
38 қаралым