Ұлттық құндылықтардың жаңғыруы
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында еліміздің біртұтастық идеясын, қоғамдық құндылықтар ұлықтауды негіз еткен биылғы Ұлттық Құрылтай тарихи өлке - геостратегиялық маңызы бар Жайық жағасында, тарихымызда айшықты орын алған көне Сарайшық - атақты хандардың ордасын тіккен жерінде, қазақ жерінің қуаты мен айбынын айқындап берген қазақтың соңғы ханы - Қасым ханның жатқан жерінен бастау алды.
Биылғы Ұлттық Құрылтайда мемлекетіміздің өрлеуін, ұлтымыздың ұйысуын қамтамасыз ететін идеология келесі құндылықтарға - Әділдік пен Жауапкершілік, Заң және Тәртіп, Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік, Жасампаздық пен Жаңашылдық, жаңа қоғамдық этика құндылықтарына негізделетіндігін айқындап берді.
Адал адам, адал еңбек және адал табыс – бүгінгі әділетті қоғамды құрудың басты құндылық бағдарына айналатын болады.
Әлемде өзіндік орнын алуда ұлттың жаңа келбетін айқындайтын тәуелсіздік пен отаншылдық құндылықтарын жастардың бойында қалыптастыру отбасынан бастау алып барлық деңгейдегі білім беру мекемелері мен қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыра түседі.
Ұлттық Құрылтайда атап өтілген өзекті мәселелердің бірі тарихи тұтастық пен тарихи шындық тұрғысынан жас ұрпаққа білім беру, тарихи көрнекті тұлғаларды ұрпаққа танытуда бір бағытта, әр дәуір мен тұлғаың ерекшелігін ескеріп, тарихи тұлғаларды бір-біріне қарсы қоймай, дұрыс бағытта білім беру мен Ұлттың ұйысуын қамтамасыз ету болды.
«Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», - деген Ұлы Абайдың сөзін тиек еткен Мемлекет басшысы қазіргі зиялы қауымның ынтымақпен, елге жанашыр болу, елдің ұлттық құндылықтары мен тарихын дұрыс түсіндіру керекгігіне, елге жанашыр болу, қазақты бөліп жармай, бірігіп Ұлттық деңгейде бірігу тұрғысынан қарастыруды тапсырды. Шежіре мәдени кодымыз, бірақ бұл мәселені саясатпен араластырмай, соңғы кездегі жағымсыз жағдайлардың мысалын келтірді. Онамастика саласындағы ұлттық тұлғадардың аттарын ескеруді тапсырды.
Ұлттық Құрылтайға өзек болған тағы бір мәселе – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұлт ұйысуының, мемлекеттік тіліміздің өсіп-өркендеуіне қызмет ететіндігі арқау болды. Жастардың шығармашылықпен айналысуы, кітап оқуын жандандыруда «ұлттық кітап оқу» күнін жариялау ұсынылды.
Сонымен қатар, қуантарлық мәселе Жошы ұлысына - 800 жыл толуына орай ресей тарихышларымен қатар отандық тарихшыларың іздену – зерттеу жұмыстарының жинағы жарық көретін болады, бұл біздің ұлттық тарихымыздың мазмұнын толықтыра түсетін болады.
Ұлттық мақтанышымыз – Үстірттің және ол жерде салынған жер асты мешіттерін таныту іс-шаралары және көптеген көне ескерткіштерді Юнеско мұралары тізіміне енгізу жұмыстары жүргізілетін болады. Тарихи- мәдени ескерткіштердің, мысалы Қозыбасы, Тамғалы тас және тағы да басқа тарихи нысандарымызға жаңғырту, жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бұл жұмыстар келер ұрпаққа тарихи жадыны сақтау мен оларға құрметпен, мақтанышпен қарауға баулитын болады. Тағы бір өзекті мәселе археологиялық зерттеулерді лицензиялау, тарихи жерлердің бүтіндігін сақтау, археологиялық ескерткіштерді тонаумау, оларды заңнамлық тұрғыдан қорғау, заңсыз археологиялық жұмыстарлы тоқтатуға мұрындық болады, кез-келген адамдардың рұқсатсыз тарихи - жәдігерлік жерлерімізді ойрандаудан сақтайтын болады.
Ұлттық киімді ұлықтау тақырыбы қазіргі кезеңдегі өте дұрыс шешімдердің бірі болды, себебі соңғы жылдары қара киінген, ұлтымызға жат қылықтар мен әдеттердің зияндылығын жас ұрпаққа түсіндірудегі қажетті бағдар екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Сонымен бірге діни құндылықтарды дұрыс қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Отбасы құндылығы, мемлекетік рәміздерді ұлықтаудың да ролі айрықша екендігіне мән берілді.
Еліміздің батырлары Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев ерліктері дәріптеліп, мемлекеттік награда - Айбын орденін аталған батырлар есімдерімен алмастыратын болды, бұл аталатын жас ұрпаққа рух беріп отаншылдық сезімдерін арттыра түседі.
Ұлттық Құрылтай Ұлт денсаулығын алаңдататын есірткі қолдану, онкологиялық ауру тудыратын – насыбай атуды атап өтті, сонымен қатар бұдан былай насыбай таратқаны үшін азаматтар заңмен жауап беретіндігі атап өтілді. Қоғам дертіне айналып бара жатқан - лудоманиямен (құмарпаздықты) қарсы күресудің кезек күттірмес мәселе екендігі, онлайн ойындарының жастардың санасын улап отырғандығы да аталып өтіліп, олармен үздіксіз қарсы күрес жүргізу қоғам, отбасы және білім беру мекемелерінің міндеті екендігіне тоқталды.
Қоғамдағы қатігездік - дәрігерге күш көрсету, ұрып соғу жағдайлары жиілеп кеткендігі аталып өтті, осыған орай жастардың бойында қауіпсіз орта құру, заңды құрметтейтін мәдениетті қалыптастыру міндетін жүзеге асыру күн тәртібіне қойылды.
Вандализмнің көрініс беруі, жеріміздің жаухар ескерткіштерін шимай - шатпақпен былғауды болдырмау, тазалықты сақтауды жастардың бойында табиғат тазалығын сақтау, тарихи-мәдени ескерткіштерге құрметпен қарау сынды құндылықтарды сіңіруіміз қажет.
Ысырапшылдық – жарық пен суды үнемді пайдалану елдің табиғи ресурстарды ысырап етумен қатар, рухани ысырапшылдық - бітпейтн дауларды тудыруды болдырмау жолдарын қарастыру арқылы ұлттық сапаны жақсартып, жаңа деңгейге көтеру азамат ретінде әрқайсымыздың міндетіміз болуы тиісті.