Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұлағатты іс
9.01.25 ж. күні ОҚМА-ң №1 жатақханасында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы А.А.Беккулова ұйымдастыруымен «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау – ұлағатты іс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты-ұлттық құндылықтар мен мұраларымызды жастардың бойына сіңіру болып табылады.
Ұлттық құндылықтардың халқымыздың өмірінде алатын орны өзгеше. Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі, ұлт қалыптасуының басты факторларының бірі. Халықтың тілі, ауыз әдебиеті, салт-санасы, әдет-ғұрпы, ырымдары мен тыйымдары арқылы әр ұлттың өзіндік құндылықтары қалыптасады. Ұлттық құндылықтарды сақтау және дамыту әр ұлттың тұрақтылығы мен біртұтастығының кепілі болып табылады. Олар ұлттың келешегі үшін маңызды және ұрпақтан ұрпаққа жеткізілуі тиіс. Біздің ұлтымыздың өзегінде ең алдымен адам тәрбиесі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, өзге ұлтта жоқ құндылықтары бар.
Халқымыздың бойындағы ана сүті, ата-баба қанымен сіңген табиғи таза,кіршіксіз жұмсақ қасиеттерді жастардың бойына дарыту мақсатында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасы ұжымы ұдайы жұмыс істеп келеді.Осы бағытта әсіресе жатақханада тұратын, ата-анасынан жырақта жүрген студенттерге көбірек көңіл бөлуге тура келеді.Осынау жаппай жаһандану заманында елімізге,елдің экономикасы мен саяси тұрақтылығына елеулі ықпал ете алатын жағымсыз тенденциялардың жетегінде кетіп қалмау үшін жас буынды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызы зор. Сондықтан кафедра ұжымы тұрақты түрде мәдени,рухани тақырыптарға байланысты шараларды жиі өткізіп тұруды күн тәртібіне қойып отыр. Дөңгелек үстел барасында жастар арасында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың тәрбиелік мәні туралы сөз қозғалды. Жастардың бойында ұлттық құндылықтар мен рухани адамгершілік, имандылық қасиеттері одан әрі жанданды. Ұлттың ұлт екенін танытатын оның тілі, ділі, діні, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, фольклоры. Біз үшін еліміздің өркендеуі, ұлттық ерекшелігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды сақтау – қымбат қазына.