«ULES» жобасы аясында кездесу
2023 жылдың 04 қазан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен КЕАҚ гранттық жоба негізінде «ULES» жобасы аясында кездесу өткізілді. Кездесуге Алматы студенттер альянсының өңірлік спикері Мықтыбек Аяулым Ғалымжанқызы және жастар саясаты бөлімінің қызметкерлері мен студенттер қатысты.
Кездесуге келген өңірлік спикер Мықтыбек Аяулым Ғалымжанқызы - жастарға қатысты мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттармен бөлісіп, жастарды жоба барысында бірлесе жұмыс жасауға шақыра отырып, жобаның маңыздылығына тоқталды: «Жастарға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу кезінде жастардың әзірленетін шешімдер мен тәсілдер туралы, сондай-ақ жалпы алғанда қандай да бір проблемалардың болуына қатысты пікірі маңызды. Осыған байланысты жастардың қоғамдық талқылауға жүйелі және тұрақты қатысуын қамтамасыз ету қажет» екендігін айтып өтті.
Бұл іс-шара жастар арасында саяси және азаматтық белсенділік үлесін арттыру үшін жастардың жастар саясаты жайында ақпараттану және жастар саясатына белсенді қатысу деңгейін көтеру мақсатында жүзеге асырылуда.