Үй жануарларының көрмесі

Қазіргі таңда экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз қоғам, табиғат және қоршаған орта үйлесімділігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру. Осы орайда, жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «BIOTRAVEL» апталығының төртінші күні табиғаттың бір бөлшегі ретінде жануарлар көрмесін ұйымдастырды. Білім алушылар тотықұс, қоян, тасбақа, кірпі, мысық, ұлу, балапан, балық, үй тышқаны сияқты жануарлармен, құстармен танысып естелікке суретке түсіп, оларды қоректендіруге мүмкіндік алды. Жануарлардың іс-қимылы, мінез-құлқы білім алушыларды қызықтырып, сұрақтарына жауап алды. Көрменің мақсаты, қоршаған орта мен табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

26.04.2024, 16:40
279 қаралым