«Үдемелі жүрек жетіспеушілігін емдеу: тәжірибе алмасу бойынша кездесу» Халықаралық конференция
2023 жылдың қазан айының 26-27 күндері Шымкент жүрек Орталығы Қазақстандық жүрек жетіспеушілігі мамандары қоғамымен және UMC Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығымен бірлесіп «Үдемелі жүрек жетіспеушілігін емдеу: тәжірибе алмасу бойынша кездесу» Халықаралық конференция ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты: созылмалы жүрек жетіспеушілігі (СЖЖ) бар науқастарды диагностикалау мен емдеуде қазақстандық және шетелдік кардиология және кардиохирургия мамандарының өзара әрекеттестігі және тәжірибе алмасуы. Конференцияға кардиология, интервенциялық кардиология және кардиохирургия саласының Қазақстандық, сонымен қатар жақын және алыс шетелдердің жетекші сарапшылары қатысты. Конференция аясында пленарлық және секциялық мәжілістер, сондай-ақ LVAD механикалық құрылғысын имплантациялау бойынша мастеркласс өткізілді. ЖТД-3 кафедрасының ассистенті Е.А.Шуашева және 29-23 топ интерндері конференция жұмысына белсенді қатысты және ҰҒКО UMC сертификаттарын алды.