Ту, Елтаңба, Ән Ұран- тірегіміз!

 

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
ОҚМА басшылығы барлық Қазақстандықтарды келіп жеткен мерекелерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Егер 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға жұдырықтай жұмылып барлығымыз дауыс берсек, қазақ елі гүлденіп, дамыған елдермен иық тіресетіндей дәрежеге жететінімізді сеніммен айтты. 

04.06.2022, 10:13
566 қаралым