Құттықтаймыз!

2015 жылдың 4 наурыз күні Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің қатысуымен 2014 жылғы “Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы” атағының иегерлерін марапаттау рәсімі өткізілді.

Аталмыш іс-шарада еліміздің 57 жоғары оқу орнының 200 үздік оқытушысы марапатталды. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының Терапия-бакалавриат кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Бекмурзаева Эльмира Қуанышқызы осы мәртебелі атақ иегері атанды.

Эльмира Қуанышқызы, Сізге зор денсаулық, алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз! 

 

12.03.2015, 03:52
538 қаралым