Құттықтаймыз!

789 2

Құрметті де ардақты абзал жандар! Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Денсаулықтарыңыз мықты, өмір жастарыңыз ұзақ, ғұмырларыңыз мәнді де сәнді болсын! Жас пен кәріге, жалпы адамзаттың бәріне көмек қолын созып, ауырған тәніне ем беріп, сөзінің тәттісімен, көзінің жақсысымен науқастың көңілін көтеріп, өмірге деген құлшынысын арттырып, ерте демей, кеш демей қызметін адал атқарып жүрген, халықтың алғыс-сауабын арқалаған және  шаршамай-шалдықпай шәкірт дайындап, білім беру қызметін қатар алып  жүрген ақ халатты абзал жандарды  шын жүректен құттықтаймыз!

Сіздерге деп арналған бір шатты күн,
Тілек тілеп айғайлайды бір тәтті үн.
Дәрігерлер күні әрқашан құт болып,
Әрқашан да бақытты боп шат күлкің.

Бала біткен бәрі қорқып жүретін,
Бірақ оның қолы жұмсақ келетін.
Дәрігердей абзал жанға лайықсың,
Талай ауру-сырқауды өзі жеңетін.

Әр күніңіз жеңістерді құрасын,
Емделушің тек бақыттан жыласын.
Алғыс алып ондаған мың адамнан,
Ең соңында болсын орның - шынар шың.

Қолың шипа, дертке дауа сөздерің,
Жылу берер күлімдеген көздерің.
Денсаулығың мықты болсын, дәрігер,
Көп болсыншы ауру жеңген кездерің.

 

Ізгі тілекпен: Жастар саясаты бөлімі және барша ОҚМФА студенттері.  

789 3

789 4

789 1

16.06.2016, 03:29
440 қаралым