«ТОР-жарған» интеллектуалды-спорттық сайысы

2023 жылдың 8 сәуірінде Шымкент қалалық «Ізгілікте Жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «ТОР-жарған» интеллектуалды-спорттық сайысы өтті. Сайыста Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының «Медицина жастары» командасы 1-ші орынды иеленді.
Сайыстың мақсаты: Жастардың бойына лидерлік қабілеттерді дарыту, студенттердің интеллектуалды деңгейін арттыру, волонтерлік қозғалысқа ынталандыру.

Біздің академия студенттері 1 орынға ие болып,сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды!

10.04.2023, 17:06
296 қаралым