Тоғызқұмалақтан іріктеу жарысы

“Дене тәрбиесі” орталығында қазан айының 7-ші жұлдызында жоспарланған іріктеу сайысының жалғасы қазақтың төл ойыны тоғызқұмалақпен жалғасты. Тоғызқұмалақ — қазақтың ұлттық дəстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Білім дене шынықтырумен қатар, ақыл- ойын дамытып отыру қажет деп санап, осы ойынды іріктеу қатарына қосты. Білім алушылар шын ықыласпен ойын ережесіне сай ойнап, жақсы нәтижелер көрсете алды.

15.10.2024, 10:19
147 қаралым