Тоғызқұмалақ

«ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледжінің Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында 18.09.2024ж күні Дене тәрбиесі оқытушылары «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» тақырыбында 1 курс «Емдеу ісі», 2 курс «Стоматология» мамандықтары арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойыны өткізілді. «Тоғызқұмалақ» - қазақ халқының баға жетпес рухани қазынасы. Бұл ойынының тарихы тереңде жатыр. Қазіргі күні «Тоғызқұмалақ» әлемнің көптеген мемлекеттерінде кеңінен танымал. Білім алушылар ойын элементтері арқылы өмірде кездесетін қауіп-қатерден сақтануға, ақыл-айлалы болуға осы ойындар арқылы машықтанып отырады.

18.09.2024, 16:44
150 қаралым