«Тіл – татулық пен достықтың тірегі»
2024 жылдың 27 қыркүйек күні , Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының , үлкен акт залында «Қазақ , орыс және латын тілдері кафедрасының» ұйымдастыруымен «Тіл – татулық пен достықтың тірегі» атты Қазақстан халқы тілдері күніне арналған іс-шара өтті.
Алғашқы құттықтау сөзді Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Сәлім Ербол Қалтырсынұлы ұсынды. Проректор тілдің маңызы, мерекелік күннің мағынасы туралы сөз қозғап, барлық академия мүшелерін айтулы мерекемен құттықтады. Мерекелік бағдарлама тіл мен рух, отаншылдық бағытындағы әсем әндермен,күй және ұлттық бимен жалғасты.
Іс-шараны қорытындылай келе, Шымкент қалалық тілдерді оқыту-әдістемелік орталығының бөлім басшысы Қалдыбаева Гуланар Анарбекқызы іс-шараға белсенді қатысқан академия студенттерін алғыс хаттармен марапаттап,мерекемен құттықтады. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған іс-шара қатысушылардың естелікке суретке түсуімен аяқталды.