Театр – тәрбие мектебі

Театр – халықты эстетикалық – адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеудің аса маңызды құралы. Сонымен қатар, театр – мәдениет ошағы, өнер ұйытқысы. Елдің мәдениетін театрға қарап тануға болады. Осыған орай, еліміздің мәдениетімен таныстыру мақсатында, 25 қараша 2023 жылы «Гигиена және эпидемиология» кафедрасының аға оқытушысы, куратор Л.О. Байконсованың шақыртуымен В-ЖМШ-05-21 тобының және басқа да алыс шетел топтардың студенттері Ж.Шанин атындағы Қазақ драма театрына «Махаббат формуласы» сазды лирикалық қойылымды тамашалауға барды. Студенттер қойылымнан ерекше әсер алып қайтты.

28.11.2023, 13:54
353 қаралым