Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері

 

 «Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасы «Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері:

1. Фармацевтикалық қызметтің ұйымдастыру-құқықтық аспектілері (дәрі-дәрмектерді босатуды регламентациялау, нашақорлыққа қарсы күрес)

2. Фармацевт қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері»

тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел

 

«Фармация ісін ұйымдастыру және басқару» кафедрасының 2024-2025 оқу жылының жұмыс жоспарына сәйкес «12» қараша 2024ж. «Тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелері:

1. Фармацевтикалық қызметтің ұйымдастыру-құқықтық аспектілері (дәрі-дәрмектерді босатуды регламентациялау, нашақорлыққа қарсы күрес)

2. Фармацевт қызметінің әлеуметтік-психологиялық аспектілері» атты дөңгелек үстел өткізді.

Білім алушылардың кәсіби құзіреттілігін үнемі жетілдіру тұжырымдамасы кафедраның басты мақсаты болып табылады. Бітіруші түлек алған білім кешенін кез-келген күнделіктегі кәсіби міндеттерді шешуге және еңбек қызметін тиісті фармацевтикалық тәжірибемен, ҚР заңнамасының қолданыстағы талаптарына сәйкес жүзеге асрылуы тиіс.

Дөңгелек үстел қонақтары тәжірибелік фармацияның өзекті мәселелерін қозғады.

Карабеков Бауыржан Қанатұлы – Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел полиция майоры«Дәріханалық нашақорлық», дәріханадан рецепт арқылы босатылатын дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату өзекті мәселерді көтерді.

Бейсенбаев Қали Шамсудинұлы Шымкент қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры «Синтетикалық есірткілер, дизайнерлік есірткі» тақырыбында синтетикалық, жасанды химиялық заттар туралы баяндады. Бұл заттар көбінесе дәстүрлі есірткіге балама ретінде сатылады, олар өте қауіпті және болжап болмайтын әсерге ие, физиологиялық және психологиялық тәуелділікті тудырады және психикаға зиян екендігін айтып шықты.

Орынбасар Айгерім Абдығаппарқызы – фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің басшысы. Дәрілік заттарды өткізу қағидаларын бұзғаны үшін "әкімшілік құқық бұзушылық туралы"ҚР 05.07.2014 ж. № 235-V ҚРЗ Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген. Департаментке 2024 жылдың 11 ай ішінде Шымкент қаласы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасынан 14 іс келіп түсті.

 

 

 

Альжанова Хадиша Дербесовна – «Даму» ОҚО фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы директоры. Фармацевтикалық қызметтің психологиялық аспектілері. Егер біз фармацевтикалық қызметтің психологиялық аспектілерін қарастыратын болсақ, онда фармацевтикалық қызметкерге қойылатын психологиялық талаптар: ұстамдылық, реакция жылдамдығы, зейін, байқау, жақсы есте сақтау, сонымен қатар дұрыс сөйлеуді меңгеру болып табылады.

Дөңгелек үстел соңында бітіруші түлек білім алушылары өздерін толғандандырылған сұрақтарын қойды. Әр сұраққа жан-жақты жауаптар берілді.

14.11.2024, 08:43
168 қаралым