«Таза Қазақстан» челленджі

ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі, Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының С-ОСҚ-9.01.23, С-СТДҚ-9.01.23, С-МІҚ-9.04.23 топ білім алушылары оқытушы Е.А.Сейдалымен бірге республика бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» атты челленджге қатысты. Қаламыздың көркейіп, көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосу мақсатында білім алушылар Ордабасы алаңына тазалық жұмыстарын жүргізді. Акцияның басты мақсаты – білім алушыларға жақсы үлгі көрсету, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға, еңбекке баулуға, туған жерді қастерлеуді үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу – маңызды істердің бірі екенін ұмытпайық.

13.05.2024, 18:36
212 қаралым