Таза Қазақстан акциясы жалғасуда

04.05.2024 жылы «Мейргер ісі-2» кафедрасы және «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ жанындағы медицина колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы бойынша республикалық экологиялық акцияға белсенді қатысты. Акция аясында студенттер біздің оқу орнымыздың айналасындағы аулаларды тазалады. Ағаштардың төменгі бөліктері қопсытылып, ақталды. Жиналған қоқыс сөмкелерге салынып, жүк көлігімен қаладан шығарылды.
Іс-шараның мақсаты; қаламыздың экологиялық дамуына ықпал ету, студенттерді жастарды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз жеріне деген сүйіспеншілікке баулу және патриотизм сезімін ояту.

04.05.2024, 18:46
160 қаралым