«Таза қала өзіңнен басталады» акциясы өтті

2023 жылы 07 қазан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы күзгі абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырды.
Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.
Сенбілікке академия қызметкерлері және кафедра оқытушыларымен мен 200 студент қатысты. Тазалау жұмыстары академия ғимаратының айналасында орналасқан барлық тұрғын үйлердің аумағын қамтыды.
Сенбіліктің қоғамның назарын қала көшелерінің тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.

09.10.2023, 12:00
364 қаралым