Таза Өлке

«Таза Өлке» Республикалық экологиялық акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 170-ке жуық студенттері белсенді қатысты. Оқу орнымыздың айналасындағы аулаларға тазалық жұмыстарын жүргізді. Ағаштардың түбі қобсытылып, әктелінді. Жиналған қалдықтар қабшықтарға салынып, жүк тиегіш көлікпен қала аумағынан шығарылды.
Іс-шараның мақсаты; қаламыздың экологиялық дамуына үлес қосу.Студент жастарды тазалыққа, ұқыптылыққа, өз жеріне деген сүйіспеншілікке баулып, патриоттық сана сезімін ояту.

12.04.2024, 16:05
290 қаралым