«Таза қала» акциясы

2015 жылдың 11 сәуір күні сағат 10:00-де Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Шымкент жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тапсырмасына сәйкес «Таза қала» акциясы аясында академияның факультет декандары және тәрбие ісі бөлімінің ұйымдастыруымен жастар арасында қаланың экологиялық әрі эстетикалық келбетін көрікті ұстау және жастарды патриоттық сезімге, елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында академияға бекітілген аумақтарда сенбілік жұмыстары (ағаштарды әктеу, ирригациялық арықтарды тазалау) жүргізілді. Сенбілікке академияның 200 студенті мен тәлімгерлері белсенді түрде қатысты.

 

13.04.2015, 23:13
488 қаралым