Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым!

 желтоқсан күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастырумен «16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне» орай салтанатты іс-шарасы өтті.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы «Елдің байлығы тұрақтылығы, бейбітшілік пен келісімде» деп бастаған ОҚМА ректоры М.Рысбеков академия ұжымын мерекемен құттықтап, ерекше көзге түсіп, адал еңбек еткен қызметкерлерді ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», ҚР ДСМ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және ОҚМА Құрылтайшысы мен өзінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Ары қарай құттықтау сөз кезегін алған «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасы Серкебаев Есенбек Салдарбекұлы және Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы академия қызметкерлерін ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен құттықтай отырып, елеулі еңбектері мен игілікті істері үшін көзге түскен қызметкерлерді Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы мен Шымкента қаласы «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасарының алғыс хаттарымен марапаттады.

Мереке соңы академиямыздың белсенді студенттері дайындаған Алаш азаматтары мен Тәуелсіздік құрбандары жайлы қойылымдары мен концерттік бағдарламаға ұласып, ОҚМА ұжымына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

20.12.2021, 12:46
434 қаралым