«Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы»
2024 жылдың 13 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында «Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының» ұйымдастыруымен , «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты тақырыбында Тәуелсіздік күніне орай іс-шара өтті.Іс-шараның мақсаты-жас азаматтардың санасында жоғары рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту, азаматтық сана мен Қазақстандық патриотизм сезімін нығайту.Оқу орнының ұжымы мен білім алушылары қатысқан жиында ОҚМА Тәрбие жұмыстары және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Сәлім Ербол Қалтұрсынұлы құттықтау сөзбен ашып, атаулы күннің маңызына тоқталды. Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды. Іс шараға ҚР ҚМ Сабыр Рахымов атындғы Әскери колледж қызметкері Гүлмира Оспанова қатысты. Мерекелік іс-шарада өнерлі студенттер патриоттық ән, билерін орындады.