«Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында адалдық сағаты
Жалпы білім беретін пәндер кафедрасында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс –қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің 12 желтоқсандағы №13-1-3/4100 хатына сәйкес, 18.12.2024ж күні Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ полиция аға лейтенанты Шахалақ Жандаулет Қуттыбекұлымен өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын нығайтуда тәрбиелік мәні бар «Тәртіпті өзіңнен баста» тақырыбында адалдық сағаты өткізілді. Құқық қорғау қызметкері құқықтық сауаттылықта отбасылық тәрбиенің маңызы зор екендігін айтты. Білім алушыларды құқық бұзушылық және қылмыс белгілері түрлерімен таныстырды. Заң мен тәртіпті басты құндылық ретінде ұстанып, мемлекетімізде әділеттілік пен тұрақтылықты биік қоюға әр азамат, әр отбасы өз үлесін қосуға міндетті екені түсіндірді.