"Тарихқа тағзым" атты тәлімгерлік сағаты
Саяси қуғын сүргін құрбандары жөнінде білім алушыларға дұрыс терең түсінік беру, олардың саяси санасын ояту, адамгершілік көзқарастарын қалыптастыру мақсатында Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушысы Сейдалы Ерболсын сәуірдің 26 күні фк-11.01.23 тобымен бірге облыстық саяси қуғын сүргін музейінде "Тарихқа тағзым" атты тәрбиелік мәні бар тәлімгерлік сағатын өткізді. Алға қойылған мақсат: білім алушыларға Отансүйгіштік, патриоттық сезім, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету, ұлт зиялылары туралы ақпараттармен танысу.
26.04.2024,
16:34
336 қаралым